11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жалғас Жұмағұлов Тажиев – Хейбати жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жалғас Жұмағұлов Тажиев – Хейбати жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Қазақстандық танымал файтер Жалғас Жұмағұлов Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында Санжар Тажиев пен Мохаммед Хейбати арасындағы алдағы жекпе-жекке қатысты пікірімен бөлісті.

– Бұл – қызықты әрі медиялық жекпе-жек. Санжар – көрерменге ұнайтын, эмоцияға толы, соққысы мықты файтер. Ең бастысы – қарсыласына дұрыс дайындалып, үш раунд бойы демі жететіндей формада болуы керек. Перс те оңай қарсылас емес, өте мықты. Соңғы кезде жеңілістерге ұшыраса да, әлсіз деп айта алмаймын. Егер Санжар жақсы дайындалса, жеңіске жетуі тиіс, – деді Жұмағұлов.

Еске салайық, Санжар Тажиев пен Мохаммед Хейбати арасындағы жекпе-жек 28 маусым күні Семей қаласында өтетін Naiza 74 турнирінің қосалқы басты оқиғасы болмақ.