Оқу уақыты: 1 мин

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуға ниетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуға ниетті

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов алдағы жоспарларымен бөлісті. Қазіргі таңда ол АҚШ-тағы әйгілі American Top Team залында дайындалып жатыр.

«Жекпе-жекке дейін осында қаламын. Дәл осы жерден октагонға шығамын. Мен – Oktagon промоушенінде чемпиондық белбеу үшін таласатын алғашқы қазақпын, әрі тұңғыш азиялықпын. Егер титулды жеңіп алсам, ары қарай UFC-ге өткім келеді», — деді спортшы.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 28 маусым күні Oktagon ұйымының чемпиондық белбеуі үшін грузиялық Бено Адамиямен айқас өткізеді.