17.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін

 

Жалғас Жұмағұлов 8 ақпанда Сиднейде өтетін UFC 312 турнирінде жапондық Рэй Цуруямен (10-0) жекпе-жекке шығуы ықтимал. Цуруяның қарсыласы аустралиялық Стюарт Николл (8-1) болуы керек еді. Бірақ, ол жарақатына байланысты турнирден бас тартты. Жұмағұлов Николлдың орнына шығуға дайын екенін мәлімдеді.  

Қазіргі уақытта UFC басшылығы Цуруяға жаңа қарсылас іздестіруде. Ал, Жалғас Жұмағұлов UFC қосалқы файтерлер тізімінде тұр. Сондықтан оның турнирге қатысуы бек мүмкін.  

Егер келісім жасалса, Жұмағұлов UFC октагонына қайта оралады. Жалғастың соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың қарашасында Словакияда өтіп, ол уэльстік файтер Аарон Абиді жеңген болатын.  

https://t.me/atamekenbusiness_sport