04.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жаилтон Алмейда Том Аспиналлға жекпе-жек ұсынды

Бразилиялық ауыр салмақтағы UFC жауынгері Жаилтон Алмейда Instagram парақшасында уақытша чемпион Том Аспиналлға жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Алмейда: «Егер Джонспен жекпе-жек болмаса, онда чемпион, менімен шайқас! Ганмен жекпе-жекті ұмыт. Ол сенен де, менен де қашып жүр. Оның титул үшін екі жекпе-жекте де жеңілгенін ұмытпа. Соңғы жеңісі де әділ болмады».

Айта кетейік, Алмейда 2025 жылдың қаңтарында UFC 311 турнирінде Сергей Спивакты техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ол чемпиондық атақ үшін күресуге дайын екенін ашық білдіріп отыр.