16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас ұсынылды

Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас ұсынылды

Орта салмақтағы британиялық боксшы Шакил Томпсон (14-0, 10 КО) өз дивизионындағы екі чемпион Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) арасындағы жекпе-жекті көргісі келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz 

«Қазақ стилі» IBF және WBO титулдарының иегері болса, 42 жастағы кубалық WBA белбеуінің иегері.

— Жанкүйердің көзқарасы бойынша, орта салмақтағы қазіргі екі чемпион арасындағы біріктіру жекпе-жегін таңдай алсаңыз, кімді таңдар едіңіз?

— Әрине, Лара Жәнібекке қарсы. Бұл нағыз бокс жанкүйерлеріне арналған жекпе-жек. Бұл нағыз бокс кеші болатынын боксты түсінетін адам біледі. Көптеген адамдар Лара бұл үшін тым кәрі деп ойлайды, бірақ мен олай ойламаймын. Оның шеберлігі әлі де бар. Ал кейінгі жекпе-жектерінде бұрынғыдан да көп нокаутқа ие болды», — деді Томпсон Зак Шумакерге берген сұхбатында.