02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

WBO және IBF белбеулерінің иегері, орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) жанкүйердің сұрағына жауап беріп, WBA чемпионы Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) айқасуға қарсы емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ларамен жекпе-жекке шығасың ба?» — журналист сұрағына:

«Ешқандай мәселе жоқ, егер ол келіссе», — деп қысқа қайырды қазақстандық боксшы.

Бұған дейін «Қазақ стилі» орта салмақтағы барлық негізгі белбеулерді біріктіруді мақсат еткенін айтқан.

Айта кетейік, 42 жастағы Лара соңғы жылдары белсенділігін жоғалтқан. Ол соңғы кездесуін 2024 жылдың қыркүйегінде өткізіп, америкалық Дэнни Гарсияны (37-4, 21 КО) нокаутқа түсірген болатын.