12.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жек күні белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жек күні белгілі болды

Дэн Рафаэль журналисінің мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) арасындағы чемпиондық жекпе-жек 6 желтоқсанда Сан-Антониодағы Frost Bank Center аренасында өтеді.

Орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріктіру жекпе-жегі PBC PPV бокс кешінің қосалқы басты оқиғасы болады — негізгі жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақта WBC уақытша белбеуі үшін Айзек Крус (28-3-1, 18 КО) пен Ламонт Роуч-кіші (25-1-2, 10 КО) кездеседі.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін жекпе-жек трансляциясы 7 желтоқсан таңертең басталады. Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде, шамамен жарты жыл бұрын Астанада Әлімханұлы француз үміткері Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.