08.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жаңа президентпен екі сағат сөйлестім, отставка болмайды – Черчесов

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов ҚФФ-ның жаңа президенті Марат Омаровпен кездесуінің қорытындысы туралы айтты. Бапкер қазақстандық емес, ресейлік «Спорт экспресс» басылымына сұхбат берген, — деп хабарлайды Бірінші бол.

«Бүгін былтырғы желтоқсан айында сайланған Марат Талғатұлымен алғашқы кездесуіміз болды. Ол екі сағатқа созылып, өте табысты өтті. Таныстық, өзара әрекет етудің жолдарын талқыладық. 2024 жылғы Қазақстан құрамасының нәтижелерін талқыладық. 2025 жылға жоспарымызды толыққанды баяндадық. Қарсыластарымыздың ерекшеліктерін талқыладық, енді матчтарды қайта Астанада қабылдайтынымыз туралы сөйлестік. Әзірге Мәскеуге ораламын, себебі қаңтар айында демалыс. Дегенмен, федерация басшылығымен үнемі байланыста боламыз», — деді ол.

Сонымен қатар Черчесов отставка туралы сұраққа жауап берген.

«Отставка туралы БАҚ-та айтылды, бірақ менің пікірімді ешкім сұраған жоқ. Бұл мәселе кездесу барысында мүлде талқыланған жоқ», — деді бапкер.