Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Зенит» Ресей кубогының финалына жолдама алды — Нұралы Әліп толық матч өткізді

Ресей кубогының жартылай финалындағы жауап матчта петерборлық «Зенит» өз алаңында «Ростовты» 2:0 есебімен жеңіп, РПЛ жолының финалына жолдама алды.

«Газпром Аренада» өткен кездесуде алаң иелері екінші таймда басымдық көрсетті. Алдымен 57-ші минутта Александр Соболев, ал одан кейін 64-ші минутта Матео Кассьерра мергендік танытты.

Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп матчты бастапқы құрамда бастап, толық 90 минут бойы алаңда ойын көрсетті.

Айта кетейік, бір ай бұрынғы алғашқы ойында «Зенит» сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екі матч қорытындысы бойынша петерборлық клуб финалға жолдама алса, «Ростов» енді аймақтар жолының жартылай финалында өз жолын жалғастырады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!