01.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Зайнутдиновке Ла Лига клубы қызығушылық танытуда

Қазақстан құрамасы мен түріктің “Бешікташ” клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Испанияның Ла Лига клубтарының біріне ауысуы мүмкін. 

Түрік журналисі Сердар Сарыдағтың мәліметінше, испаниялық “Реал Вальядолид” клубы “Бешікташқа” Зайнутдиновты жалға алу туралы ресми ұсыныс жасаған. 

Алайда, стамбұлдық клуб жалға алу келісіміне сатып алу міндеттемесі қосылған жағдайда ғана бұл ұсынысқа келісетінін мәлімдеді. “Бешікташ” тек жалға алу нұсқасын қарастырмайды.  

Зайнутдинов 2023 жылдан бері “Бешікташ” сапында өнер көрсетіп келеді, оған дейін ол Мәскеудің ЦСКА және “Ростов” клубтарында ойнаған. Ағымдағы маусымда ол “Бешікташ” үшін 12 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берді.  

Айта кетейік, “Реал Вальядолид” Ла Лиганың турнирлік кестесінде соңғы, 20-орында тұр.  

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!