Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Зайнутдинов мансабын жалғастыра ма?

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

ҚФФ медиа қызметкері Сейіл Қожатай Ыстамбұлда Бақтияр Зайнутдиновпен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскенін әлеуметтік желіге жазды. Соңғы күндері тараған ақпараттарға футболшының өзі де таңданыс білдірген. Тіпті кейбір жанкүйерлер жеке хат арқылы қоштасып үлгерген.

Шын мәнінде, жарақаты аса ауыр емес. Қазірдің өзінде доппен жұмысын бастаған, ал шамамен екі аптадан кейін командамен бірге жаттығуға қосылады. Сол кезде-ақ алаңға қайта оралуы әбден мүмкін.

Бұл жарақат алғаш рет үш ай бұрын пайда болған. Сол кезде бір түрік журналисі «мансабына кедергі келтіруі мүмкін» деген болжам айтқан. Жарақат толық жазылмай, жуырда қайта сыр берген. Осыны негізге алған кейбір бұқаралық ақпарат құралдары «мансабын аяқтауы мүмкін» деген ақпарат таратқан.

Алайда алаңдайтын еш негіз жоқ. Бақтияр маусым айындағы ойындарға дейін толық қалпына келіп, жанкүйерлерін алаңдағы ойынымен қуантуды асыға күтіп жүр.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!