24.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зауреш Акашева Болгариядағы WTT турнирінде қола жүлде алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Зауреш Акашева Болгариядағы WTT турнирінде қола жүлде алды

Қазақстандық үстел теннисшісі Зауреш Акашева Панагюриштеде өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медаль жеңіп алды. Жолда ол италиялық Мириам Карновалені 3:1, словак Доминика Вильчкованы 3:0, ирандық Шима Сафаэиді 3:2 есебімен ұтты. Жартылай финалда украиналық Анастасия Димитренкодан 1:3 есебімен есе жіберіп, үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстаннан өзге спортшылар да сенімді өнер көрсетті:

  • Жанерке Қошқұмбаева (жекелей) — ширек финал;

  • Владислав Захаров / Дайто Оно (Қазақстан/Жапония, жұптық) — ширек финал;

  • Акашева / Сарвиноз Миркадирова (жұптық) — ширек финал;

  • Қошқұмбаева / Элина Рахими (Қазақстан/Иран, жұптық) — ширек финал;

  • Искендер Харки / Сарвиноз Миркадирова (аралас жұп) — ширек финал.

Бұл нәтиже Қазақстан құрамасының халықаралық деңгейдегі тұрақты жетістіктерін толықтыра түсті.