Оқу уақыты: 1 мин

Зарина Дияс Жапониядағы жеңісінен кейін WTA рейтингінде күрт көтерілді

Зарина Дияс Жапониядағы жеңісінен кейін WTA рейтингінде күрт көтерілді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Курума қаласында өткен ITF W50 турнирінде елеулі жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды WTA.

Финалдық кездесуде Қазақстан өкілі — жапондық спортшы Аяно Шумицуді 6:4, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл жетістіктің арқасында Дияс WTA рейтингінде айтарлықтай өсім жасады — 43 позицияға көтеріліп, әлемдік жіктемеде 275-орынға табан тіреді.

Заринаның мансабындағы ең үздік көрсеткіші WTA рейтингінде 31-орын болғанын, ал 2022-2024 жылдар аралығында спортшы жарақаттарға байланысты өнер көрсетуін тоқтатуға мәжбүр болғанын атап өту керек.