Оқу уақыты: 1 мин

Зарина Дияс Жапониядағы теннис турнирінің финалына шықты

Зарина Дияс Жапониядағы теннис турнирінің финалына шықты

SPORT+ мәліметі бойынша, қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан ITF W50 турнирінің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Мейлин Ванды қиын күресте жеңді — кездесу 6:3, 3:6, 7:5 есебімен аяқталды.

Финалдық кездесуде Дияс турнирдің басты жүлдесі үшін жергілікті теннисші Аяну Шимицумен күш сынасады.