08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зарина Дияс Қытайдағы турнирдің алғашқы айналымынан әрі аса алмады

Зарина Дияс Қытайдағы турнирдің алғашқы айналымынан әрі аса алмады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Хучжоу қаласында өтіп жатқан WTA 125 сериясындағы турнирде алғашқы айналымнан әрі аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалдағы матчта әлемнің 242-ракеткасы саналатын Дияс сенімді бастап, бірінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті. Алайда ойынның кейінгі бөлігінде жағдай өзгерді, Рейтингте 216-орында тұрған франциялық Кароль Монне қарсыласына қысым көрсетіп, ойынның тағдырын шешті.

Екінші сетте Монне 6:4 есебімен басым түсті, ал шешуші партияда Дияс қарсылық көрсете алмады. Соңғы сет есебі – 1:6.