12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зарина Дияс Португалиядағы турнирде ширек финалда тоқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Зарина Дияс Португалиядағы турнирде ширек финалда тоқтады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Португалияның Сейшал қаласында өтіп жатқан ITF W50 санатындағы турнирде жарыс жолын ширек финалда аяқтады.

Ол чехиялық Габриэла Кнутсоннан 4:6, 7:5, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч екі сағатқа жуық уақытқа созылып, өте тартысты өтті. Бірінші сетте жеңілгеннен кейін Дияс есепті теңестіре алды, алайда шешуші партияда артықшылық Кнутсонның пайдасына шешілді.

Габриэла Кнутсон WTA рейтингінде 217-орында және бұл турнирде төртінші нөмірлі теннисші ретінде қатысуда. Ал Зарина сегізінші сеяный ретінде жарысты бастаған болатын.