20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зарина Диас Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Зарина Диас Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Испанияда өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

1/4 финалдағы матчта Диас ресейлік Полина Яценкоға қарсы сенімді түрде басымдық көрсетті — 6:3, 2:0 есебімен алда келе жатқан сәтте қарсыласы жарақатына байланысты турнирден бас тартты. Осылайша, Зарина келесі кезеңге өтті.

Финалға шығу үшін Диас жапондық Хироми Абемен кездеседі.