30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Заңғар Нұрланұлы алғаш рет челленджер турнирінің ширек финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Заңғар Нұрланұлы алғаш рет челленджер турнирінің ширек финалына шықты

Елордада өтіп жатқан Президент кубогы үшін теннистен челленджер турнирінде Заңғар Нұрланұлы тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Жұптық сында словакиялық Михал Крайчимен бірге өнер көрсеткен қазақстандық спортшы алғашқы айналымда поляк Олаф Печковски – үндістандық Сингх Каран жұбын 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Бұл Заңғардың челленджер турнирлеріндегі алғашқы жеңісі болды. Отандасымыз шешуші сәттерде мықтылық танытып, жартылай финалға жолдама үшін күресуге мүмкіндік алды.

Нұрланұлы – Крайчи дуэті келесі кезеңде жарыстың 3-ракеткалары, жапониялық Тайсей Ишикава – Кокоро Исомурамен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық теннисші Григорий Ломакин аустралиялық Эдвард Уинтермен бірге ширек финалға өтті. Олар таилық Максимус Джонс – грузиялық Саба Пурцеладзені 6:3, 7:6 (7:1) есебімен жолдан тайдырды. Ломакин – Уинтер жұбы ширек финалда турнирдің 2-ракеткалары, жапониялық Кусухара – Накагавамен күш сынасады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі — Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы