09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зайнутдинов жарақаттан кейін алаңға оралды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Зайнутдинов жарақаттан кейін алаңға оралды

Мәскеулік «Динамо» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов клуб базасында өткен оқу-жаттығу матчында алаңға шықты. Ойын екі таймнан, әрқайсысы 30 минуттан тұрды.

Зайнутдинов бұған дейін жарақатына байланысты қатардан тыс қалып, ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Қазақстан құрамасының соңғы ойындарын өткізіп алған еді.

Еске сала кетейік, көшбасшысыз қалған ұлттық құрама алдымен Астанада Уэльске 0:1 есебімен есе жіберді, кейін Брюссельде Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылды. Осыдан соң бас бапкер Әли Әлиев отставкаға кетті.