10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зайнутдинов ұлттық құрама сапындағы 15 голын соқты

Зайнутдинов ұлттық құрама сапындағы 15 голын соқты

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов ұлттық құрама сапындағы 15-голын соқты.

Бұл нәтижелі соққыны ол дәл қазір елордада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы кездесуде тіркеді.

Осы голдың арқасында Зайнутдинов Қазақстан құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанып отыр. Қазіргі таңда оның артынан 13 голмен Руслан Балтиев ілесіп келеді.

Ойынның 28-минутында Бахтиёр Зайнутдинов әріптесі Ғалымжан Кенжебек ұсынған дәл пасын тиімді пайдаланып, есепті еселеді. Айта кету керек, бұл матчтағы алғашқы голды да Кенжебек соққан болатын, ол қарсылас қорғаушыларды қапы қалдырып, есепті ашқан еді.