13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зайнутдинов пен Оразов демалыс кезінде жаттығу жасап жүр

Зайнутдинов пен Оразов демалыс кезінде жаттығу жасап жүр

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Бактиер Зайнутдинов пен Рамазан Оразов Алматыда жаттығу жасап жүр, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Сейіл Қожатай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Олар Алматыда ұлттық құраманың бұрынғы фитнес-бапкері Ерлан Ибраиммен жаттығу жасап жүр.

Бактиер Зайнутдинов ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македониямен кездесуге қатыса алған жоқ. Ал Рамазан Оразов бапкерлер шешімімен аталған ойыннан тыс қалды.

Бактиер Зайнутдинов қазір Түркияның «Бешикташ» командасында ойын көрсетсе, Рамазан Оразов Данияның «Силькеборг» клубының намысын қорғайды.