19.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зайнутдинов Мадридтің Реалына ауысуы мүмкін

Зайнутдинов Мадридтің Реалына ауысуы мүмкін

A Bila Sports мәліметі бойынша, Бақтиер Зайнутдинов мансабын Мадридтің «Реалында» жалғастыруы мүмкін — түркиялық «Бешикташ» қазақстандық футболшыны трансфер мәмілесіне қосуды жоспарлап отыр.

Стамбул клубы «Реалдың» сол жақ қорғаушысы Фран Гарсияны сатып алуға ниетті — өтемақының бір бөлігі ретінде «Бешикташ» Қазақстан құрамасының 27 жастағы жартылай қорғаушысын ұсынуға дайын.

Өткен маусымда Зайнутдинов «Бешикташ» сапында 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді — команданың бас бапкері Уле Гуннар Сульшер қазақстандықты негізгі ойыншы ретінде қарастырмайды.