Оқу уақыты: 1 мин

«Ювентус» пен «Болонья» жеңімпаз анықтай алмады

«Ювентус» пен «Болонья» жеңімпаз анықтай алмады

«Ювентус» 35-турдан кейін қосымша көрсеткіштер бойынша А сериясының үздік төрттігінде қалды.

Туриндіктер «Болоньямен» тең ойнады (1:1).

Чемпионаттың аяқталуына 3 тур қалғанда «Ювентус» 63 ұпаймен кестеде 4-орында тұр. «Рома» мен «Лацио» бірдей ұпай жинап, гол айырмасы бойынша тиісінше 5 және 6-шы орындарға жайғасты.

Болонья 62 ұпаймен 7-орында. 8-орында келе жатқан «Фиорентинаның» 59 ұпайы бар.

Айта кетейік, А сериясының кестесінде алғашқы 4 орынды иеленген командалар келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысу құқығына ие болады.