16.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Юта» Маркканенді айырбастаудан бас тартты

«Юта» Маркканенді айырбастаудан бас тартты

ESPN мәліметі бойынша, «Юта Джаз» — жақын болашақта Лаури Маркканенді айырбастау мүмкіндігін қарастырмайтын команда.

Клубтың CEO-сы Дэнни Эйндж мен бас менеджері Джастин Заник — өткен маусымаралық кезеңде фин шабуылшысын айырбастау бойынша лайықты ұсыныстар таппады.

28 жастағы баскетболшының төрт жылға 195,8 миллион доллар көлемінде келісімшарты бар. Өткен маусымда Маркканен жарақаттарға байланысты 47 матчқа қатысып, келесі көрсеткіштерге қол жеткізді:

  • орташа есеппен матчына 19 ұпай
  • матчына 5,9 қайта шығу
  • 1,5 нәтижелі пас