18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Юрий Бушман: «Али Алиев – қызықты бапкер»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бұрынғы «Қызылжар» қорғаушысы Юрий Бушман Metaratings.kz порталына берген сұхбатында қазіргі таңда Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарып жүрген Али Алиев жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Metaratings.

«Али Алиев – өзіндік көзқарасы бар қызықты бапкер. Ол өте эмоционалды, оның талабына бейімделу үшін уақыт қажет. «Қызылжардағы» жұмысы оның мықты командалар құра алатынын көрсетті. Әрине, ұлттық құрама деңгейі мүлде басқа, мұнда бәсеке жоғары. Дегенмен оның тактикалық білімі Қазақстан құрамасының жетістігіне ықпал етуі мүмкін. Оған сәттілік тілеймін», – деді Бушман.

Юрий Бушман 2021 жылы «Қызылжарға» ауысып, төрт маусымда 108 матч өткізді. Осы аралықта ол 13 гол соғып, 19 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Али Алиев «Қызылжарды» үш маусым жаттықтырды. 2025 жылдың қаңтарында ол Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.