19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Юрий Щукин: Мықты командадан ұтылдық, бірақ лайықты қарсылық көрсеттік

Юрий Щукин: Мықты командадан ұтылдық, бірақ лайықты қарсылық көрсеттік

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин Билли Джинг Кинг кубогында әлемнің 18 дүркін чемпионы АҚШ-пен өткен ойынды қорытындылап, команданың лайықты қарсылық көрсеткенін атап өтті.

«Әлемнің үздік 8 командасы қатысқанын есепке алғанда, нәтиже жаман емес деп есептеймін. Бүгін осы сегіз команданың ішінен ең мықтыларының бірінен ұтылдық деп айта аламын.  Олар турнирде жеңімпаз атанса, таңданбаймын. Бізге жеңіске 1-2 ұпай жетпей қалды.  Мен қыздар бар күш-жігерін жұмсады деп есептеймін. Мұндай командаға қарсы ойнаған кезде нәтиженің қандай болатыны белгісіз, бұл – спорт. Жұптық бәсеке туралы айтсақ, жекелей, сондай-ақ жұптық сында жақсы ойнай білетін екі теннисшінің басын қосқанда, олардың арасында ойынға қатысты түсініктің әр түрлі болуынан мәселе туындауы мүмкін. Сондықтан жекелей сындағы екі үздік ойыншыға таңдау түсті, оның үстіне олардың бірлесіп ойнап көрген тәжірибесі болды. Келесіде біздің жолымыз болады деп үміттенемін».

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!