12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Юрий Петухов: «Галимовқа орын табылады, бірақ «Барыста» жылдам өзгеріс болмайды»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Юрий Петухов: «Галимовқа орын табылады, бірақ «Барыста» жылдам өзгеріс болмайды»

Өскеменнің «Торпедо» клубының бұрынғы вице-президенті Юрий Петухов Sports.kz сайтына берген сұхбатында ресейлік шабуылшы Эмиль Галимовпен келісімшартқа отырған астаналық «Барыстың» трансферіне қатысты пікірін білдірді.

— Артықшылығы — Михаил Кравец оған алаңнан лайықты орын тауып, әлеуетін ашуға көмектеседі деп ойлаймын. Кемшілігі — клубта тек бас директор мен бас бапкер ауысты. Ал жаңа бас директордың жоғары мемлекеттік деңгейдегі бірқатар маңызды қызметтері бар болғандықтан, клубтың барлық шаруасына — мұз сарайының жағдайынан бастап, мектеп, жастар командасы, негізгі құрам, әр ойыншы, бапкер, тіпті қызметкерлермен танысуға дейін — толыққанды араласа алмайды. Демек, клубты бұрынғы сәтсіз маусымдарда басқарған адамдар сол қалпы қала береді. Сондықтан, әзірге менде де, басқа жанкүйерлерде де жылдам өзгерістер болады деген нақты үміт жоқ. Дегенмен, қателескенімді қалар едім, — деді маман.

Еске сала кетейік, «Барыс» 33 жастағы шабуылшымен 2026 жылдың 31 мамырына дейін біржақты келісімшартқа қол қойды. Галимов ҚХЛ-да 600-ден астам матч өткізіп, «Локомотив», «Нефтехимик», «Ақ Барс», СКА және «Авангард» клубтарында ойнаған. Өткен маусымды «Авангарда» аяқтап, 16 ойында 8 (4+4) ұпай жинады.