28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Юрген Клопп клубтық әлем чемпионатының жаңа форматын сынға алды

Юрген Клопп клубтық әлем чемпионатының жаңа форматын сынға алды

Red Bull футбол бағытының басшысы Юрген Клопп клубтық әлем чемпионатын қатаң сынға алды — турнир маманға футболшылардың денсаулығына қатысты күрделі алаңдаушылық тудырып отыр.

«Клубтық әлем чемпионаты — футболда жүзеге асырылған ең нашар идея. Күнделікті жұмыспен байланысы жоқ адамдар осындай нәрсені ойлап табады», — деді Клопп Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында.

Неміс маманы тығыз күнтізбе ойыншыларға қалпына келуге уақыт қалдырмайтынын атап өтті — Евро-2024 және Америка Кубогынан кейін клубтық әлем чемпионаты өтті, ал алда әлем чемпионаты күтіп тұр.

Клопп шамадан тыс жүктемеден жарақаттардың көбеюі мүмкін екенін ескертті — футболшылар маусым бойы 70-75 рет максималды күш жұмсауға мәжбүр, бұл ойын сапасына кері әсерін тигізеді.

Еске сала кетейік, өткен жазда «Ливерпульден» кеткеннен кейін Юрген Клопп қаңтарда Red Bull футбол бағытын басқарды, бапкерлік жұмысқа оралуды жоспарламайтынын атап өтті.