Оқу уақыты: 1 мин

Юрген Клопп бапкерлік қызметке оралады

Юрген Клопп бапкерлік қызметке оралады

Юрген Клопп бапкерлік жолын Италияда жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.

La Stampa басылымының мәліметінше, танымал неміс маманы «Рома» бас бапкері атанады. Қос тарап келісімге келді. Клопп Red Bull футбол бағытының басшысы қызметінен кетіп, «джалороссиды» жаттықтырады.

Осыған дейін римдік клубтың қазіргі тәлімгері Клаудио Раньери 73 жасында бапкерлік мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.

Клопп соңғы рет «Ливерпуль» клубының тізгінін ұстаған болатын. Мерсисайдтық ұжыммен бірге өткізген тоғыз маусымда ол Англия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды.

Айта кетейік, «Рома» А Сериясында 37 турдан кейін 66 ұпай жинап, бесінші орында келеді.