Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Юлия Путинцева: «Біздің командамыз өте мықты, және мен көп нәрсеге қол жеткізе алатынымызға сенемін»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы командалық әлем чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчтарына белсенді дайындалып жатыр. Команда финалдық кезеңге өтіп, мықты ойынымен жанкүйерлерді қуантуға бекем бел байлаған.

Зарина Диас ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойыны туралы әсерімен бөлісті:

«Ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуімді 15 жасымда өткіздім. Бұл кездесу Австралияның Перт қаласында өтті. Жұптық кездесуге шықтым, есеп 6:0, 6:0 болды, қателеспесем. Қарсыластарды жай ғана жойып жібердік. Жалпы, Австралияда жиі ойнадым — әрі жеке турнирлерде, әрі құраманың атынан. Мұндағы атмосфера маған ұнайды», — деді тәжірибелі теннисші.

Юлия Путинцева үшін ұлттық құрама намысын қорғау — үлкен жауапкершілік пен мотивация:

«Құраманың атынан ойнау — әрдайым үлкен мәртебе. Мен кортқа шыққанда барымды саламын. Мүмкін, менің құпиям да осында шығар. Командадағы атмосфера шабыт береді. Елдің қолдауын сезіну және қасыңда әріптестеріңнің сенім артуы қосымша күш сыйлайды. Біз әр қарсыласқа тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Біздің командамыз өте мықты, және мен көп нәрсеге қол жеткізе алатынымызға сенемін», — деді ол.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін барлық матчтар тікелей эфирде Sport+Kazakhstan телеарнасында көрсетіледі.

— Австралия құрамасына қарсы алғашқы ойын — 10 сәуір күні сағат 07:00-де,

— Колумбиямен кездесу — 11 сәуір күні, дәл осы уақытта басталады.

Beeline Janymda арқылы қай жерде болсаңыз да, матчтарды көріп, эмоциямен бөлісіңіз.

ASU ішіп, сағат сайын сергек болыңыз!