22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Янник Синнер US Open-те жаңа Gucci сөмкесін көрсетеді

Янник Синнер US Open-те жаңа Gucci сөмкесін көрсетеді

Янник Синнер US Open турниріне италиялық Gucci сән үйінің жаңа аксессуарымен дайындалып жатыр, деп хабарлайды @gucci.

Шамамен үш жыл бұрын бренд елшісі атанған италиялық теннисші — корттағы стильді көрінісімен теннис әлемін таңғалдыруды жалғастыруда.

Айта кетерлігі, Синнер бұған дейін де осындай әрекетімен көпшіліктің назарын аударған — оның Уимблдон кортына Gucci сөмкесімен шығуы жанкүйерлер арасында үлкен резонанс тудырған, алайда турнир ережелері дизайнерлік аксессуарларды қолдануға тыйым салмайды.