15.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Янник Синнер ATP турнирінде бірегей рекорд орнатты

Янник Синнер ATP турнирінде бірегей рекорд орнатты

Әлемнің екінші ракеткасы Янник Синнер ATP финалының тарихындағы бірегей жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 1970 жылы турнир басталғалы бері топтық кезеңнен жеңілмей өткен алғашқы ойыншы болды.

Топтық кезеңде италиялық теннисші канадалық Феликса Оже-Альяссимды (7:5, 6:1), неміс Александр Зверевті (6:4, 6:3), америкалық Бен Шелтонды (6:3, 7:6 (7:3)) жеңді.

2025 жылғы ATP финалының жартылай финалында Синнер әлемнің 7-ракеткасы Алекс де Минормен (Австралия) кездеседі.