15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Янник Синнер ATP рейтингінде 12 000 ұпай жинаған бесінші теннисші атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Янник Синнер ATP рейтингінде 12 000 ұпай жинаған бесінші теннисші атанды

Италиялық теннисші Янник Синнер Уимблдон-2025 турниріндегі жеңісінің арқасында ATP рейтингінде 12 000 ұпай межесінен асқан әлемдегі бесінші ойыншы болды.

Бұл көрсеткішке бұған дейін тек Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Новак Джокович және Энди Маррей сияқты «Үлкен төрттік» өкілдері ғана жеткен еді. Осылайша, Синнер теннис тарихындағы ең үздік ойыншылар қатарына енді.

Бұл тарихи межеге ол 13 шілдеде өткен финалда испаниялық Карлос Алькарасты 3:1 есебімен жеңгеннен кейін қол жеткізді. Айта кетейік, матч барысында Синнер алғашында 0:1 есебімен ұтылып жатқан болатын.

Осы жеңіс Янник Синнердің мансабындағы алғашқы Уимблдон титулы және екінші «Үлкен дулыға» жеңісі болып тіркелді.

ATP рейтингінде 12 000 ұпай жинау — 1990 жылы енгізілген жаңа жүйе бойынша есептелетін ең ірі жетістіктердің бірі саналады.