Оқу уақыты: 1 мин

Yandex-тің Dota 2 командасының толық құрамы белгілі болды

Yandex-тің Dota 2 командасының толық құрамы белгілі болды

Telegram-дағы инсайдер Бауыржан Бисембаевтің мәліметі бойынша, Yandex Team Dota 2 құрамы толығымен жасақталып, тұрақты жаттығулар өткізуде.

Команда құрамына Илья «Kiritych» Ульянов, Виталий «mannik» Брезгин, Евгений «Noticed» Игнатенко, Алексей «PRBLMS» Паршуков кірді, ал капитандық қызметті Алексей «Solo» Березин атқарады.

Бұған дейін команданың Лаша «Nande» Нарсия және Илья «Squad1x» Кувалдин қатысатын басқа құрамы туралы ақпарат тараған болатын — алайда Алексей Березин бұл қауесетті жоққа шығарды. Кейінірек команда капитаны «Яндекс Еда» курьерінің рюкзагымен түскен суретін жариялап, ұйыммен ынтымақтастығын меңзеді.

Yandex Team-нің қазіргі құрамы:

  • Илья «Kiritych» Ульянов
  • Виталий «Worick» Брезгин
  • Евгений «Noticed» Игнатенко
  • Алексей «PRBLMS» Паршуков
  • Алексей «Solo» Березин