Оқу уақыты: 1 мин

Ян Облак Икер Касильясты артта қалдырды — енді Ла Лига тарихындағы үздік үштікте

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ян Облак Икер Касильясты артта қалдырды — енді Ла Лига тарихындағы үздік үштікте

«Атлетико Мадрид» қақпашысы Ян Облак Ла Лигада гол жібермеген матчтар саны бойынша үшінші орынға көтерілді.

362 матчтың 173-інде қақпасын «құрғақ» сақтаған словениялық легионер енді аңыз қақпашы Икер Касильясты артта қалдырды.

Ла Лига тарихындағы үздік көрсеткіштер:

  1. Андони Субисаррета — 232 (618 матч)
  2. Франсиско Буйо — 212 (538)
  3. Ян Облак — 173 (362)
  4. Икер Касильяс — 172 (504)
  5. Виктор Вальдес — 171 (384)

Облактың бұл көрсеткіші — тұрақтылық пен шеберліктің айқын дәлелі.