06.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ямайка ірі жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ямайка ірі жеңіспен бастады

6 қыркүйекке қараған түні Гамильтондағы «Бермуда» ұлттық стадионында КОНКАКАФ аймағының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінің 1-туры өтті. Қонақта ойнаған Ямайка құрамасы Бермуд аралдарын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Голдар:

  • 6′ — Дэмион Лоу (0:1)

  • 26′ — Ренальдо Сефас («Пари НН») (0:2)

  • 58′ — Кейси Палмер (0:3)

  • 90′ — Шамар Николсон (экс-«Спартак») (0:4)

Бұл жеңістен кейін Ямайка 2-топта алғашқы үш ұпайын алып, көш бастады. Топта Ямайкамен бірге Тринидад және Тобаго, Кюрасао және Бермуд аралдары ойнайды. Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатын АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды, ал топ жеңімпазы турнирге тікелей жолдамаға таласады.