Оқу уақыты: 1 мин

XDS Astana Team велошабандозы Венгрия турының таулы кезеңінде жеңіске жетті

XDS Astana Team велошабандозы Венгрия турының таулы кезеңінде жеңіске жетті

XDS-Astana.com хабарлауынша, XDS Astana Team командасының өкілі Харольд Мартин Лопес Венгрия турының үшінші таулы кезеңінде жеңіске жетті — велошабандоз мәреге дейін екі шақырым қалғанда шешуші шабуыл жасады.

Колумбиялық велошабандоз фавориттер тобынан үзіліп шығып, қарсыластарының қуып жету әрекеттеріне қарамастан, мәре сызығына дейін басымдылығын сақтап қалды. Бұл жетістік Лопеске көпкүндіктің жалпы есебінде көш бастауға мүмкіндік берді.

Бұл керемет күнді жеңіспен аяқтағаныма өте қуаныштымын. Команда мені бастан бастап қолдады — Глеб Сырица мен Маттео Малучелли жазықтықта жарысты бақылауда ұстаса, Иде Схеллинг пен Антон Чармиг таулы жерде қарқын берді. Серхио Игитаның шабуылынан кейін фавориттер тобы құрылды, содан мен шешуші жұлқыныс жасадым. Алда тағы екі кезең бар, көшбасшы жейдесін қорғаймыз, — деді Харольд Мартин Лопес.