12.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

WTA Рыбакинаның бұрынғы жаттықтырушысына қарсы тергеу бастады

The Athletic мәліметі бойынша,  WTA теннис қауымдастығы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның бұрынғы жаттықтырушысы, хорват маманы Стефано Вуковқа қатысты тергеу жүргізді.

Маман өткен жазда қазақстандық теннисшімен ынтымақтастығын тоқтатқаннан кейін турде жұмыс істеуден бір жылға шеттетілді. Тыйымға қарамастан биылғы жылдың басында Рыбакина — Вуковты өз командасына қайтаруға ниет білдірді.

Тергеу материалдарына сәйкес жаттықтырушыға қарсы ауыр айыптар тағылған:

  • Денсаулыққа проблема әкелген психологиялық және физикалық қысым
  • Жұмыстан шығарылғаннан кейін спортшыны қудалау
  • Australian Open кезінде этикалық нормаларды бұзу (бір бөлмеде тұру)

Қазіргі уақытта Елена Рыбакина итальяндық маман Давиде Сангвинеттимен жұмыс істейді. Бұған дейін спортшы Горан Иванишевичтің жетекшілігімен қысқа уақыт жаттықты.