01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

WTA Елена Рыбакинаның жеңістеріндегі заңдылықты анықтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
WTA Елена Рыбакинаның жеңістеріндегі заңдылықты анықтады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреальдегі турнирде сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды. Ол румындық Жаклин Кристианды екі сетте жеңді — 6:0, 7:6.

WTA ұйымы маусым бойы байқалып келе жатқан қызықты заңдылыққа назар аударды: егер Рыбакина бірінші сетте жеңіске жетсе, матчты міндетті түрде өз пайдасына аяқтайды. Бұл тенденция Монреальдегі кездесуде де өз күшін жойған жоқ — алғашқы сетті небәрі 25 минутта аяқтаған Елена матчты сенімді түрде жаба білді.

Енді Рыбакинаның келесі қарсыласы — украиналық теннисші Даяна Ястремская.