23.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

WTA Елена Рыбакина турнирден бас тартқаннан кейін мәлімдеме жасады

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) кезекті турнирден бас тартқан әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға қолдау білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Елена Рыбакина қатарынан үшінші турнирден бас тартқаннан кейін мәлімдеме жасады.
Кеше Елена Рыбакина Қытайдың Пекин қаласындағы China Open турнирінде бел жарақатына байланысты өнер көрсете алмайтынын мәлімдеді. Бұл Еленаның денсаулығына байланысты қатарынан үшінші турнирден бас тартуы.

«Елена Рыбакинаға тез сауығып кетуін тілейміз», — деп жазды WTA-ның ресми аккаунты Х әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Елена Рыбакина соңғы рет кортқа US Open турнирінің алғашқы айналымында шығып, австралиялық Дестани Айяваны жеңген болатын. Алайда екінші раундтағы кездесуге дейін күрестен бас тартуға мәжбүр болды.