31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Усман Камара ҚПЛ-дегі «Астана» сапындағы 10 голына жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Усман Камара ҚПЛ-дегі «Астана» сапындағы 10 голына жетті

Астаналық клубтың жартылай қорғаушысы Усман Камара Қазақстан Премьер-лигасындағы мерейтойлы 10-шы голын соқты.

26 жастағы Гвинея легионері тарихи голын 17-турдағы «Тұранға» қарсы ойында (7:0) тіркеді.

Камара ҚПЛ-дегі дебютін 2024 жылдың 1 наурызында Алматыда «Жеңіске» қарсы матчта (2:0) өткізген. Ал алғашқы голын сол жылы 27 сәуірде Шымкентте «Тұран» қақпасына, Тимурбек Закировты қапы қалдырып соққан (2:0).

Қазіргі таңда Камараның есепшотында Қазақстан чемпионатында 41 матч пен 10 гол бар.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!