16.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Усик пен Дюбуа «Уэмблиде» абсолют чемпион атағы үшін қайта кездеседі

Усик пен Дюбуа «Уэмблиде» абсолют чемпион атағы үшін қайта кездеседі

Александр Усик (23-0, 14 КО) пен Дэниел Дюбуа (22-2, 21 КО) ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағы үшін екінші рет жұдырықтасады — жекпе-жек Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді.

Бокс кешінің трансляциясы Астана уақыты бойынша 02:00-ден кейін DAZN стриминг платформасында басталады — басты оқиға украиналық және британдық ауыр салмақтағы боксшылардың қарсыласуы болмақ.

Шамамен екі жыл бұрын өткен бірінші жекпе-жекте Усик тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жетті. Содан кейін украиналық Тайсон Фьюриді (34-2-1, 24 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңсе, Дюбуа бесінші раундта Энтони Джошуаны (28-4, 25 КО) нокаутқа түсірді.