20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Усик пен Дюбуа Лондонда ауыр салмақтағы барлық титулдар үшін жұдырықтасады

Усик пен Дюбуа Лондонда ауыр салмақтағы барлық титулдар үшін жұдырықтасады

19-20 шілде түні Лондонда кәсіби бокстың маңызды кеші өтеді — басты жекпе-жекте Александр Усик (23-0, 14 КО) мен Даниэль Дюбуа (22-2, 21 КО) кездеседі.

Бокс шоуының трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша 21:30-да DAZN платформасында басталады — басты жекпе-жек 02:00-ден кейін күтілуде.

Қарсыластық кезінде ауыр салмақ дивизионының барлық негізгі титулдары сарапқа салынады:

  • WBA
  • WBC
  • WBO
  • IBF
  • IBO

Шамамен екі жыл бұрын өткен боксшылардың алғашқы кездесуі тоғызыншы раундта Усиктің нокаутпен жеңісімен аяқталған. Содан кейін украиналық Тайсон Фьюриді (34-2-1, 24 КО) екі рет жеңсе, ал Дюбуа Джаррелл Миллерді (26-1-2, 22 КО), Филип Хрговичті (18-1, 14 КО) және Энтони Джошуаны (28-4, 24 КО) нокаутпен жеңді.