27.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Усик міндетті қорғаныстан бас тартты: WBO Уордлиді чемпионы деп таныды

Усик міндетті қорғаныстан бас тартты: WBO Уордлиді чемпионы деп таныды

Александр Усик WBO чемпиондық белдігінен өз еркімен бас тартып, Фабио Уордлиге қарсы міндетті жекпе-жектен босады, деп хабарлайды Prosports.kz vringe сайтына сілтеме жасап.

WBO президенті Густаво Оливьери Luckypunch басылымына берген сұхбатында Усиктің бұл шешімі күтпеген жаңалық болғанын жасырмады. Оның айтуынша, украин боксшысы крузервейтте де, ауыр салмақта да абсолют чемпион атанған, нағыз кәсіби спортшы әрі өз ісінің елшісі.

Оливьери Усик командасының басқа мүмкіндіктерді қарастыруды ұйғарғанын айтты және ұйым бұл қадамға түсіністікпен қарайтынын жеткізді: «Усик біздің толық құрметімізге лайық. Иә, ол Уордлимен белдік қорғауы керек еді, бірақ команда басқа жолды таңдады — бұл кәсіби шешім».

WBO басшысы украин боксшысына ұйымның есігі әрдайым ашық екенін де ерекше атап өтті.