17.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Усик мансапындағы ең қатты соққы жасаған қарсыласын атады

Усик мансапындағы ең қатты соққы жасаған қарсыласын атады

Ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик бұрынғы қарсыластарының соққы күші туралы пікір білдірді.

Даниэль Дюбуаның күші туралы сұраққа украиналық боксшы күтпеген жауап берді:

«Дюбуа? Жоқ деп ойлаймын. Дерек Чисора. Жынды Дерек, иә»

Айта кетейік — Усик пен Чисора арасындағы жекпе-жек бес жылдай бұрын өтіп, онда украиналық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын.

-->