25.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Уразбахтин: «Алонсодан көп нәрсе үйрендім»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Уразбахтин: «Алонсодан көп нәрсе үйрендім»

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин EFE агенттігіне берген сұхбатында «Байерді» басқарған Хаби Алонсоның еңбегіне жоғары баға берді.

«Хаби Алонсо тізгіндеген кезде «Байерді» бақылайтынмын. Ойындарын көру арқылы біраз нәрсе үйрендім. Леверкузендегі жұмысы қатты ұнады. Тіпті интернеттен тапқан жаттығуларын да көретінмін. Бапкер ретінде көп нәрсе түртіп алдым. Ол «Байермен» 51 матч жеңілмей, ғаламат жетістікке қол жеткізді. Сөзсіз, жоғары деңгей. Мен үшін оны көріп және қарсы ойнау үлкен мәртебе болады», – деді Уразбахтин.

Чемпиондар лигасының 2-турындағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы 30 қыркүйек күні өтеді.