25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Уотфорд жартылай қорғаушысына үш ағылшын клубы таласуда

Уотфорд жартылай қорғаушысына үш ағылшын клубы таласуда

Sunderland Echo мәліметінше, «Уотфордтың» грузин жартылай қорғаушысы Георгий Чакветадзе бірнеше ағылшын клубының назарына ілікті.

Премьер-лиганың жаңа мүшелері «Сандерленд» пен «Бернли», сондай-ақ Чемпионшип өкілі «Бирмингем» — трансферлік құны шамамен 5 миллион фунт стерлинг болатын 25 жастағы ойыншыға қызығушылық танытуда.