28.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

World Boxing жаңа рейтингін жариялады: Өзбекстан Қазақстаннан озды

World Boxing жаңа рейтингін жариялады: Өзбекстан Қазақстаннан озды

World Boxing боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін ұсынды — Өзбекстан бірінші орынға, ал Қазақстан екінші позицияға орналасты.

Қазақстан құрамасының төрт өкілі өз салмақ дәрежелерінде тізімді бастап тұр: Санжар Ташкенбай (50 кг), Махмуд Сабырхан (55 кг), Торехан Сабырхан (70 кг) және Айбек Оралбай (90 кг-дан жоғары).

Өзбекстан оннан алты бірінші орынды иеленіп, рейтингте көш бастаса, Қазақстан қалған төрт жоғарғы позицияны иеленді, — деп хабарланады ұйымның ресми инстаграм-аккаунтында.

Айта кетейік, Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті алтын медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын алса, Өзбекстан алты алтын медальмен екінші орынды иеленді.