23.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

World Boxing ұйымының мүшелер саны 125-ке жетті

World Boxing ұйымының мүшелер саны 125-ке жетті

Бокстан жаңадан құрылған World Boxing ұйымының мүшелері 125-ке жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лос-Анджелес Олимпиада ойындарына лицензия алған World Boxing ұйымына Словения, Солтүстік Македония, Қатар, Ливия, Сенегал, Никарагуа, Кения, Украина мемлекеттері кірді.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы 4-14 қыркүйек күндері аралығында алғаш рет Ливерпуль (Англия) қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионатын өткізген болатын.

Қазақстан бұл ұйымға 2024 жылдың қараша айында кірген еді.