31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

World Boxing міндетті жыныстық тестілеуді енгізеді

World Boxing міндетті жыныстық тестілеуді енгізеді

World Boxing ұйымының ресми мәлімдемесіне сәйкес, спортшылардың жынысын анықтау үшін міндетті генетикалық тестілеудің жаңа жүйесін енгізеді.

Жаңа ережелер бойынша — 18 жастан асқан барлық боксшылар мұрын немесе ауыз қуысынан алынған қарапайым жағынды арқылы жасалатын генетикалық жынысты анықтайтын ПТР-тестінен өтуі керек.

Олимпиада чемпионы Иман Халиф осы тестті тапсырғанға дейін жарыстарға жіберілмейді — бұл туралы World Boxing-тің Алжир бокс федерациясына жіберген хатында айтылған.

Халықаралық олимпиада комитеті мен Умар Кремлев басқарған Халықаралық бокс қауымдастығы арасындағы келіспеушіліктен кейін құрылған World Boxing енді 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуге жауап береді.